RU
Толық нұсқаға өту

Премьер-министр Presight AI басшысымен кездесті

24.08.2026, 13:19 28

Олжас Бектенов Presight AI басшысы Томас Прамотедхаммен кездесіп, ЖИ инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақтастық жайын талқылады.

Тараптар көлік саласына цифрлық шешімдерді енгізу, Астана халықаралық әуежайының интеллектуалдық инфрақұрылымын дамыту перспективалары айқындады. Олжас Бектенов Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне өтіп жатқанын атап өтіп, елдің мүмкіндіктерін жіпке тізді. Ал Томас Прамотедхам өз компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейте түсуге, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.  Кездесу қорытындысы бойынша болашақтағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды. Айта кетейік, Presight AI бұған дейін Астанада Smart City жобасы жүзеге асыруға және Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік инфрақұрылымы құруға қатысқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz