Құрылтай сайлауына азаматтардың қатысу деңгейі 70 пайыздан асты.
Халықаралық байқаушылар осылай деп, кеше өткен елдегі саяси науқанға оң бағасын берді. Олар Орталық сайлау комиссиясының алаңында учаскелердегі дауыс беру процесіне, комиссия мүшелерінің даярлығына, сондай-ақ сайлаушылар үшін жасалған жағдайды жақсы бағалады.
Игорь Петришенко, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары:
- Сайлауға дейін де, сайлау кезінде де барлық жұмыстың тыңғылықты ұйымдастырылғанын байқадық. Бұл үдерісте цифрлық платформалардың іске қосылғанын және сайлаушылардың жоғары белсенділігін көрдік. Ешқандай ауқымды бұзушылық анықталған жоқ.
Түркия, Грузия, Тәжікстан, Армения, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан, Мальдив және Индия елдерінің байқаушылары қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін де атап өтті. Олардың дауыс беруге келгенде көтеріңкі көңіл күйіне назар аударған.
Сердар Мутта, Түркия жоғары сайлау кеңесінің төрағасы:
- Астананың кешегі жаңбырлы ауа райына қарамастан, азаматтардың өз учаскелерінде саяси белсенділік танытқандарына куә болдық. Олардың сайлауға қатысу деңгейі 70 пайыздан асты. Бұл жақсы көрсеткіш.
Бахтиёр Худоёрзада, Тәжікстан Республикасы орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы:
- Сайлау учаскелерінде ешқандай бұзушылық тіркелмеді. Әр сайлаушы көтеріңкі көңіл-күйде келіп, өз таңдауын жасады.
Тегтер #байқаушылар #құрылтай 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz