Қазақстандағы Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заң талаптарына сәйкес өтті.
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының атынан келген халықаралық байқаушылардың пікірі осы. Делегация басшысы Осман Местен Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында миссия жұмысының қорытындысымен таныстырды. Ол Орталық сайлау комиссиясы, өңірлік сайлау комиссияларының жұмысын жоғарғы бағалап, әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға белсенді қатысқанын атап өтті. Сондай-ақ Түркпа өкілі Құрылтай сайлауы бүкіл қазақстан халқы үшін тарихтағы маңызды күн болып қалатынын жеткізді.
Осман Местен, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия төрағасы:
- Қазақстанда өткен Құрылтай сайлауы ел Конституциясына, ұлттық заңнамаға, сондай-ақ халықаралық құқық нормалары мен стандарттарына сәйкес өткізілді. Біздің делегация тек Астанада ғана емес, Алматы қаласында да бақылау жүргізді. Біз осында төрт күн бойы осында жұмыс істедік.
Орталық сайлау комиссиясы, өңірлік сайлау комиссиялары мүшелерімен бірнеше кездесуге қатыстық. Сондай-ақ барлық саяси партия және тиісті мемлекеттік органдармен бас қостық. Сайлауды ұйымдастыру мен оған дайындық шараларының қабылданғанын көрдік. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының өз дауыс беру құқығын толық пайдалана алғанын білеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #байқаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz