«Сайлау-2026: қорытынды және жаңа саяси белес» атты жиында дауыс беру барысы мен жаңа саяси жүйенің ерекшелігі сөз болды.
Сарапшылардың айтуынша, сайлаушылардың 74 пайыздан астамы дауыс берді. Енді жеті партияның бесеуі Құрылтай құрамына енеді. 145 орынға 545 кандидат бақ сынады. Бұл да саяси бәсекенің кеңейгенін көрсетеді. Енді жаңа Құрылтайдың құрылымын қалыптастыру жұмысы басталады. Төраға мен орынбасарлары сайланып, тұрақты комитеттер құрылады. Бір палаталы Құрылтайда депутаттардың заң шығару саласындағы жауапкершілігі күшейеді. Заң жобаларын үш оқылымда қарау құжат мазмұнын терең талдауға мүмкіндік береді.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» РҚБ жетекшісі:
- Сайлау өте жоғары деңгейде өтті. Сайлау комиссиясының жұмысы белгіленген тәртіп бойынша орындалды. Мысалы, науқанның ашық, әділ өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар, оған әсер ететін заң бұзушылықтар болған жоқ. Бұл туралы біздің байқаушыларымыз мәлімдемеде жасап отырды. Жалпы айтқанда, бәрі заң аясында өтті деп есептеуге толық негіз бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz