RU
Толық нұсқаға өту

Байқаушы: Сайлау халықаралық талаптарға сай өтті

24.08.2026, 19:10 39

«Сайлау халықаралық талаптарға сай өтті». Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер Парламентаралық Ассамблеясының байқаушысы Сергей Петросов осындай баға берді.

Ол Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде орналасқан №405 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылады. Бұл учаскеде сайлауға қатысуға жүзге жуық адам тіркеліп, олардың 95 пайызы дауыс берді. Байқаушы Брюссельдегі сайлаушыларға жоғары құрмет көрсетілгенін және азаматтардың саяси науқанға көтеріңкі көңіл-күймен қатысқанын атап өтті.

Сергей Петросов, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушысы:

- Барлығы өте жақсы ұйымдастырылды деп ойлаймын. Қажетті ақпараттың бәрі арнайы тақтаға ілінді. Дауыс беру процессіне байланысты ешқандай ескертуім жоқ. Сайлау комиссиясы тарапынан да, сайлаушылар тарапынан да ешқандай заң бұзушылықты байқамадым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz