Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Армения #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz