Алматыдағы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы 94 пайызға орындалды. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ғалымбек Ауталипов мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның айтуынша, нысанда барлық жабдықтар мен технологиялық эстакадаларды орнату жұмыстары аяқталған.
Қазір бу турбинасын орнату бойынша соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қалған нысандарда іске қосу-баптау жұмыстары атқарылуда, – деді Ғалымбек Ауталипов Үкімет отырысында.
Жаңа станция іске қосылғаннан кейін ЖЭО-2 желіге 557 МВт-қа дейін электр қуатын және 957 Гкал жылу қуатын бере алады.
Тегтер #ЖЭО #Алматы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz