RU
Толық нұсқаға өту
фото: ОСК

ОСК Құрылтай сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады

25.08.2026, 12:29 54

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады, деп хабарлайды 24KZ.

Дауыс беруге 9 миллион 351 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайызын құрайды.

Бес партия 5 пайыздық межеден өтті. Ең көп дауыс «Әділет» партиясына берілді – 71,17 пайыз. Одан кейін «Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз, Respublica – 5,56 пайыз, «Ақ жол» – 5,21 пайыз және ОСДП – 5,11 пайыз дауыс жинады.

Қазақстанның Халық партиясын сайлаушылардың 3,11 пайызы қолдады. «Байтақ» партиясы 1,07 пайыз дауыс алды.

Ал сайлаушылардың 2,51 пайызы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған.

Депутаттық мандаттар қалай бөлінді?

«Әділет» партиясы – 110
«ЖСДП» партиясы – 8
«Ауыл» партиясы – 10
«Ақ жол» партиясы – 8
«Respublica» партиясы – 9

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz