Астанада «Sarap» сарапшылар клубы сайлау қорытындысы мен жаңа шақырылымдағы Құрылтайдың сапалық құрамын талқылады.
Оған қоса болашақ депутаттардың қоғамдық сенім үдесінен қаншалықты шыға алатыны және саяси науқан нәтижесі партиялардың алдағы стратегиясына қалай ықпал ететінін талдады. Пікірталаста Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми деректер, сауалнамалар нәтижесі және үгіт-насихат кезеңіндегі партиялардың белсенділігі ескерілді. Депутаттық корпустағы сабақтастық пен жаңару үлесіне айрықша назар аударылды. Іс-шараға талдау орталықтарының басшылары, құқық саласының сарапшылары, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, сондай-ақ ғылыми-академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.
Ақнұр Тұрдалиева, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
- Сайлауға қатысу деңгейі өте жоғары болғанын байқаймыз. Тіпті Алматы қаласы бұрыннан бері төмен деңгей көрсеткенімен осы сайлауда жоғары деңгей көрсетті. Сайлауға көптеген жастар келіп, өз дауысын берді деген қорытынды шығаруға болады деп ойлаймын. Себебі Алматы жастардың қаласы. Байқаған боларсыздар, көптеген партияның бағдарламасы жастарды тарту, жастарға көңіл бөлу оларға негізделді.
Тегтер #құрылтай 2026 #сайлау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz