RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясының 2029 жылға дейінгі жоспарын бекітті

26.08.2026, 10:10 40

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні бизнес пен экономика мүддесі үшін және мемлекеттік аппаратта енгізуді көздейді. Алдағы 4 жылда мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектерінің кемінде 80 пайызы жасанды зерденің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Ал 2028 жылға қарай Мектептен кейінгі білім беру ұйымдарының басым бөлігі оқу процесіне жасанды зият технологияларын қолданады. Денсаулық сақтау саласында медициналық деректер бірыңғай сандық жүйеге біріктіріледі. Ал мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау көрсету уақыты кемінде 50 пайызға қысқаруы тиіс. Жылу-энергетика кешенінде активтердің 70 пайызы цифрлық мониторингке қосылады. IT-қызметтер мен цифрлық шешімдер экспорты 50 пайызға жуық артады. Бұдан бөлек, жүк тасымалын цифрландыру, шағын және орта бизнестегі әкімшілік жүктемені азайту, салықтық әкімшілендіруді автоматтандыру және қаржы секторын цифрлық трансформациялау жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz