RU
Толық нұсқаға өту
@aqorda_resmi

Трамп түнгі екіде конгрессменге қоңырау шалып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады

26.08.2026, 10:55 63

«Президент» жобасының жүргізушісі, журналист Әділ Балтабаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың түн ортасында өз қол астындағы қызметкеріне қоңырау шалып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы сәлем жолдағанын мәлім етті, деп хабарлайды «24KZ». 

Бұған дейін Мемлекет басшысы АҚШ Өкілдер палатасының бюджет және салық комитетінің төрағасы Джейсон Смитпен және Конгресс мүшелері - Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейспен кездесу өткізген болатын.

Жиынға қатысқан журналист Әділ Балтабаев АҚШ конгрессменінің сөзін келтірді. Джейсон Смиттің айтуынша, Ақ үй басшысы оған түнгі екіде хабарласқан.

Бүгін түнгі сағат екіде маған президент Дональд Трамп қоңырау шалды. Мен оған бірнеше сағаттан кейін Сізбен кездесетінімді айттым. Ол Сізге ең жылы лебізін жеткізуді және араларыңыздағы сенімді әрі сындарлы қарым-қатынас үшін ризашылығын білдіруді өтінді, – деді конгрессмен.

Сонымен қатар, америкалық тарап Дональд Трамптың Қазақстан Президентін Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz