RU
Толық нұсқаға өту

Елде соңғы 5 жылда 1120 мектеп салынды

26.08.2026, 15:00 60

Соңғы 5 жылда елімізде 1120 мектеп салынды. Ал кейінгі жеті жылда бұл салаға бөлінген бюджет үш есе артып, 6,4 триллион теңгеге жетті.

Президент Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында білім саласында жүргізігілген жүмыстарға тоқталды. Мәселен соңғы 5 жылдың ішінде 5 мыңнан астам ауыл мектебінің матриалдық-техникалық қоры жаңарып, 7 мыңнан астам заманауи үлгідегі пән кабинеттері жасақталған. Мемлекет басшысы тарихи өзгерістер табысты болуы үшін ең алдымен қоғамдық сана жаңғыруға тиіс екен айтты. Ал бұл істе мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің рөлі айрықша маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президент:

- Өздеріңізге мәлім, осыдан екі жыл бұрын менің тікелей тапсырмаммен «Келешек мектептері» жобасы бастау алды. Осы жоба аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Заманауи мектептердің жаңа стандарты пайда болды десек, артық болмайды. Алайда біз әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысын міндетті түрде жалғастырамыз. Бұл – алдымызда тұрған мемлекеттік маңызға ие аса өзекті міндет. Уақытты созбай жұмысқа кірісуіміз керек, келесі жылы құрылыс барысы қарқынды болуы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz