Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов
Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Тегтер #президент #лауазым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz