RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет 180 іс-шараны қамтитын жалпыұлттық жоспарларды жүзеге асырып жатыр

27.08.2026, 11:20 30

Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестиция, цифрландыру және әлеуметтік саясат салаларындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Жалпыұлттық жоспарларда 180 іс-шара қарастырылған. Биыл елде жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. Құжатқа сәйкес салық саны 20 пайызға азайып, есептілік нысандары 30 пайызға қысқарды. Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 13 трлн теңге қарастырылған. Биыл 12 мың шақырым инженерлік желі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, цифрлық кодекс қабылданып, жасанды интеллект пен сандық экономиканы дамытуға арналған бірыңғай қағидалар бекітілді. Инвестициялық саясат қосылған құны жоғары жобаларға ойыса бастады. Ауыл шаруашылығында ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үлесін 40 пайызға дейін жеткізу көзделген. Ал жаңа Құрылыс кодексі қалаларды дамыту мен құрылыс саласын цифрландырудың жаңа талаптарын айқындайды.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:

- Өңірлердің қаржылық мүмкіндігін арттыру үшін тұрақты салықтар мен алымдардың бір бөлігі жергілікті деңгейге берілді. Квазимемлекеттік секторға бақылау да күшейтілді. Енді сыртқы қарыз алу көлемі, бюджетке төленетін дивиденттер және холдингтердің даму жоспарлары республикалық бюджетті қарау кезінде міндетті түрде талқыланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz