«Самұрық-Қазына» қорының қаңтар-шілде айларындағы кірісі 12,5 трлн теңге болды. Көрсеткіш жоспарлы межеден 5%-ға артық.
Бұл жөнінде Премьер-министрдің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Жиында қор қызметінің есебі тыңдалып, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі қаралды. Мысалы, қор құрамындағы компаниялар жыл басынан бері жергілікті өндірушілермен 694 млрд теңгенің келісімшарттарын жасасқан. Бұл былтырғыға қарағанда 32%-ға көп. Жалпы сатып алу жүйесі арқылы отандық өндірушілерді қолдаудың 16-дан астам тетігі қарастырылған. Үкімет басшысы Олжас Бектенов инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асырып, сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Самұрық Қазына #қорPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz