Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай құрамын бекітті. Енді бір палаталы заң шығарушы орган бес саяси партиядан сайланған 145 депутаттан тұрады.
Оның 110-ы «Әділет» партиясынан болса, 10-ы «Ауыл» партиясының мүшесі. Ал «Respublica» партиясынан 9 депутат тіркелді. Сондай-ақ тзімде «Ақ жол» мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан 8 өкілден бар. Отырыста орталық сайлау комиссиясының төрағасы оларға тиісті куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- ОСК өзінің қаулысымен 2026 жылғы 23 тамызда өткен ҚР Құырлтай депутаттарын сайлау қортыныдыларын анықтады. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ОСК #құрылтай 2026 #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz