Құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы заң шығарушы органға бірқатар міндет жүктеді.
Жаңа Ата заң нормаларын ескере отырып, ел заңнамасына түзетулер енгізу қажет. «Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек», - деді Қасым Жомарт Тоқаев. Сонымен бірге Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету керегін де ескертті.
Тегтер #президент #құрылтай 2026 #міндеттерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz