Бүгін – мемлекеттік саяси жүйесінің жаңару үдерісі басталды. Құрылтайдың бірінші сессиясымен бірге еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты.
Ордалы отырыстың алғашқы отырысында сөз сөйлеген Президент осылай деп, ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылғанын мәлімдеді. Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Ал жаңа кезеңде бұл институттың жөні бөлек болады. Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі. Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға осы тарихи миссияны атқару жүктеліп отқанын жеткізіп, лайықты қызмет ететіндеріне сенім білдірді.
Тегтер #Тоқаев #құрылтай 2026 #билік #жүйеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz