RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Кәсіби Парламентке деген сұраныс артты

28.08.2026, 17:02 34

Ел азаматтары ауқымды өзгерістерді қолдайды. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, сайлаудың ашық әрі әділ өткенін және өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді. Бүгінде азаматтарымыз саясатқа оң көзбен қарап, қоғамдық істерге белсене араласатын болғанын атап өтіп, мұны жақсы үрдіс деп атады. Президенттің пікірінше, ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқан. Құрылтайға білікті мамандардың келуі – осының айқын дәлелі. Мемлекет басшысы партиялар ұсынған бағдарламалардың мазмұнына да тоқталды. Бұл құжаттарда тың идеялар, тиімді ұсыныстар бар екенін айтып, бәрі алдағы жұмыс барысында мұқият сараланатынын мәлімдеді. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беретін ең ұтымды шешімдер Үкіметтің жұмысында ескерілуге тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz