Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бүгінгі отырыста алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті. Ол Құрылтайға артылған жауапкершіліктің жоғары екенін айтып, халық сенімін ақтау басты міндет екенін жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».
«Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік. Президентіміз бүгін алдағы жұмыс бағытымызды және нақты міндеттерді айқындап берді. Елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың ауқымы бізден байыпты шешімдер мен кәсібилікті және қажырлы еңбекті талап етеді», – деді Айбек Дәдебай.
Оның айтуынша, қабылданған әр шешімнің түпкі мақсаты – мемлекетті нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
«Құрылтайға артылар жүк пен жауапкершілік өте салмақты екенін сіздер жақсы білесіздер. Біз халықтың жоғары сенім мандатына ие болдық. Сол сенім жұмысымыздың басты бағдарына және оның нәтижесінің негізгі өлшеміне айналуға тиіс», – деді Құрылтай Төрағасы.
Айбек Дәдебай Құрылтай қоғамдық диалогты дамытуға және елдің жаңғыруына серпін беретін маңызды алаңға айналуы керектігін атап өтті.
Тегтер #Айбек Дәдебай #құрылтай #24жаңалықтар #24KZ«Құрылтай еліміздің одан әрі жаңғыруына тың серпін беретін, конструктивті қоғамдық диалогқа жол ашып, жаңа заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап ұсынатын мінберге айналуы тиіс. Алда қыруар жұмыс бізді күтіп тұр. Осы жауапты жолды бірге еңсереміз деп кәміл сенемін», – деді ол.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz