Айбек Дәдебай I шақырылымдағы Құрылтай төрағасы болып сайланды.
Оны мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибелі маман ретінде Президент ұсынған. Кейін Құрылтай төрағасы өзінің орынбасарлары лауазымына үміткерлерді атады. Депутаттар ашық форматта дауыс беріп, спикердің ұсынысын қолдады. Осылайша Дания Еспаева, Нұрлан Бекназаров және Динара Зәкиева Құрылтай Төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Айбек Дәдебай, I шақырылымдағы Құрылтай төрағасы:
- Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік. Президентіміз бүгін алдағы жұмыс бағытымызды және нақты міндеттерді айқындап берді. Елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен ауқымы бізде байыпты шешімдер мен кәсіпқойлықты, қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар әр заң мен әр шешімнің артында нақты мақсат тұр. Ол еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету. Мемлекеттігімізді нығайтып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру. Бұл жұмыстың негізінде халқымыз жаппай қолдаған жаңа Конституцияның құндылықтары мен қағидаттары жатуы тиіс.
Тегтер #Айбек Дәдебай #құрылтай #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz