RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан БҰҰ-да ядролық сынақтарға қарсы үн қосты

29.08.2026, 13:00 54

Қазақстан – ядролық қарусызданудың жаһандық көшбасшысы. Семей полигонын жабу – тарихи әрі болашақ үшін маңызы зор шешім болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары Изуми Накамицу Нью-Йоркте өткен жоғары деңгейлі жиында осылай деді. Жиынға Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров  қатысты. Бұдан бөлек бүгін Қазақстан мен өзге мемлекеттердің бастамасымен БҰҰ аумағына ағаш егіліп, естелік тақта ашылады. Бұл рәсім әлем назарын ядролық сынақтардың адамзат пен қоршаған ортаға тигізген зардабына аударып, ядролық қарусыз болашаққа үндейді. Айта кетейік, биыл Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толып отыр.

Изуми Накамицу, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғары өкіл:

- Біз Қазақстанмен берік серіктестік орнаттық. Күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану бастамаларын дәйекті түрде қолдап, халықаралық ынтымақтастық пен экологиялық ашықтықты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта адам мүддесіне негізделген қарусызданудың жаңа бағыттарын бірге ілгерілетеміз деп сенемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz