Ләззат Танысбай «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».
Ләззат Танысбайдың телевизия саласындағы кәсіби тәжірибесі 30 жылдан асады. Әр жылдары «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Еуразия» телеарнасын басқарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарды.
«Хабар» Агенттігінің Басқарма төрайымы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту және «24KZ» телеарнасының басты қоғамдық-саяси арна ретіндегі позициясын нығайту міндеті қойылып отыр.
Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» Агенттігі төрағасы қызметінен босатылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz