Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Президент экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.
Тегтер #Бектенов #Мемлекет басшысы #премьер министр #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz