RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы $72,6 млрд жетті

01.09.2026, 13:10 25

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерімен тауар айналымы былтыр 72,6 млрд долларға жетті. Еліміздің бұл мемлекеттерге экпорты 30,7 млрд, ал импорты 41 млрд доллардан асқан.

Саудадағы негізгі серіктестердің қатарында Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан бар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінен біздің республикамызға жеңіл автомобильдер, авто-кузовтар, табиғи газ, мұнай өнімдері, алтын, есептеу машиналары және тракторларға арналған бөлшектер импортталады. Ал бізден уран, мыс кені мен оның концентраттары, мұнай, бидай және күнбағыс майы, арпа мен ұн экспортталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz