Президент Жолдауына сәйкес Үкімет су шаруашылығы кешенін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр заманауи құрылғыларды қолдану нәтижесінде 874 млн текше метр су үнемделді. 42 су қоймасын салу және тағы 37-сін жаңғырту жоспарланған. Солтүстік Арал мен Балқаш көлдерінің су деңгейі көтерілді. 23 мыңнан астам гидронысан цифрлық жүйемен қамтылды.
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі инфрақұрылым, тұтынушылар мен жерасты суы туралы деректерді біріктірді. Бұған қоса, Жаңа Су кодексі тіршілік нәрін үнемдеу талаптарын күшейтті. Алғаш рет заңнамалық деңгейде «су қауіпсіздігі» ұғымы бекітілді. Кәсіпорындар суды сүзгіден өткізіп, қайта пайдалану жөнінде жоспар дайындады.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы:
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемі 543,5 мың га жетті. Оларды енгізу қарқыны 5 есе артты. Үнемделген су көлемі шамамен 874 млн текше метрді құрады. Түркістан облысынлда 2 су қоймасының құрылысы аяқталуда. Жамбыл, Қызылорда және БҚО-да 3 жаңа су қоймасының құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Тегтер #Президент Жолдауы #су үнемдеу #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz