Премьер-министр Олжас Бектенов Лаос президенті Тхонглун Сисулитпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесуде цифрландыру саласында ынтымақтастық орнатудың әлеуеті жоғары екені айтылды. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға Лаос президентінің сапары аясында қол қойылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум ықпал етеді. Мәдени-гуманитарлық және туризм салалары да негізгі бағыттар саналады. Лаос қазақстандық дәнді дақылдар, жемшөп, ет өнімдеріне қызығушылық танытты. Ал біздің тарап Лаостан кофе, каучук және тағы да басқа импорт тауарларын жеткізуге ынталы. Аграрлық кооперацияны ілгерілетуге де мүмкіндік бар. «Қазақстан Лаосты Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық және іскерлік байланыстарды кеңейтудегі маңызды қатысушы ретінде қарастырады», - деді Олжас Бектенов.
Тегтер #24KZ #Лаос #цифрландыру #серіктестікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz