RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция – мемлекет пен азамат арасындағы көпір

03.09.2026, 23:20 47

Жаңа Конституция мемлекет пен азамат арасындағы өзара қарым-қатынас моделін айқындайды. Мұндай пікірді заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова білдірді.

Оның айтуынша, әр қазақстандық кез келген бағытта мемлекет игілігі үшін қызмет ете алады. Елінің кемел келешегі үшін ықпал ету құқығына ие. Ең алдымен, бұл – азаматтардың сайлауға қатысуы. Яғни халық өз өкілеттігін өзі сайлаған билік өкілдеріне береді. Сонымен қатар депутаттар мен саяси партияларға жүгініп, қоғам үшін маңызды мәселелерді көтеруге және оларды шешуге бастамашылық жасауға мүмкіндік бар. Сарапшының айтуынша, жаңа диалог алаңдарының бірі – Халық кеңесі. Мұнда азаматтардың түрлі санаттарының өкілдері өз бастамаларын ұсынып, мемлекетпен өзара іс-қимылға тікелей атсалыса алады.

Индира Әубәкірова, заң ғылымдарының докторы:

- Конституция азамат пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың формалды емес, нақты әрі нәтижелі болуына мүмкіндік беретін арналарды белгіледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттің жекелеген азаматтың да, тұтас қоғамның да сұраныстарына барынша саналы қарап, дер кезінде әрекет етуіне ықпал етеді. Өйткені бізде биліктің қайнар көзі – халық екені нақты айтылған. Сондықтан халық, қоғам және әрбір азамат ел өмірінде болып жатқан үдерістерге бейжай қарамай, оларға ықпал етудің нақты тетіктеріне ие болған кезде ғана мемлекет халықтың үнін ести алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz