Түркі елдері арасында экономикалық һәм мәдени ынтымақтастықты күшейту. Бұл туралы елордада өткен «Түркі әлемі диалогтары: ортақ болашақ, ортақ көзқарас» тақыбындағы панельдік жиында айтылды. Басқосуда тарихты зерделеу, академиялық, мәдени байланыстарды кеңейту, жаһандық өзгерістер жағдайындағы Түркі елдерінің келешегі мен даму әлеуеті сөз болды. Отырысқа Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің дипломаттары, мемлекеттік органдар мен сараптамалық-зерттеу орталықтарының өкілдері, ғалымдар мен түркітанушылар қатысты. Іс-шара қазанда Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммиті аясындағы ұйымдастырылды.
Бюлент Байрам, Халықаралық түркі академиясының вице-президенті:
- Жыл сайын Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өткізіледі. Президенттеріміз осы жерде кездеседі. Ол біздің тек бір салаға ғана байланысты емес. Ол тіл, мәдениет, экономика, логистика, мемлекетті қорғау мәселелері. Біздің қарым-қатынасымыздың алға баруы ол біздің балаларымызбен байланысы бар деп ойлаймын. Бүгін жасалатын жұмыстар, істелетін істер барлығы да болашақ ұрпаққа бізден мұра қалады. Сондықтан бәрі болашақ ұрпақтың мәселелері деп ойлаймын.
Тегтер #Түркі әлемі #даму бағыттары #панельдік жиын #түркітанушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz