RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

05.09.2026, 09:50 42

Құрылтайдың заң шығарушы орган ретінде бекітілуі – мемлекеттік қызмет тарапынан қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға және ұлттық заңнамалық қорды жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

«Мемлекеттік қызметшінің жұмыс сапасын бағалауда халықтың пікірі маңызды рөл атқарады», - дейді Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры Эльмира Оразалиева. Бұл өз кезегінде қоғамдық диалогты күшейтіп, билік пен бұқара арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді. Яғни жаңа Конституцияда мемлекеттік институттарды жаңғыртуға, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға және ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға басымдық берілген. 

Эльмира Оразалиева, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының академиядық қызмет жөніндегі вице-ректоры:
- Мемлекеттік қызметшінің сапалы құрамы, мемлекеттік қызметшінің біліктілігі барлығы қызмет алушы тараптан нақтыланып отыр. Бұл жаңа Конституцияның жаңа бағдарының бірі болып табылады. Яғни біз мемлекеттік қызметшіні бағалайтын болсақ та, бір қызметтен екінші қызметке ауыстыратын болсақ та, ол вертикальды немесе горизонталды болатын болса да оны бағалайтын ең бірінші халық болып табылады. Яғни адамға бағдарланған деген осы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz