Қазақстан мен Оңтүстік Корея бұқытырлған ет өндіретін бірлескен цех салуға келісті. Жоба Қазақстанда жүзеге асырылады. Екі тараптың инвестиция көлемі – 1,3 млн доллар, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан–Корея бизнес форумында белгілі болды. Жиын қорытындысы бойынша жалпы құны 54,8 млн доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар Қазақстан Кореяға құны 13 млн доллар болатын 1 мың тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, ай сайын 3 мың тонна рафинадталған күнбағыс майын экспорттау жөнінде келісім жасалды.
Бизнес форумға екі елден 200-ден астам кәсіпкер қатысты. Корея импорттаушылар қауымдастығы форумға жүзге жуық бизнес өкілінен құралған делегациямен келген.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы да өсіп келеді. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,17 млрд долларды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бұл көрсеткіш 1,3 млрд долларға жетті. Осы кезеңде Қазақстанның Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.
Форум аясында қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Кореялық бизнес өкілдеріне отандық ет және басқа да азық-түлік өнімдері таныстырылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Оңтүстік КореяPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz