Бәріміз Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек. Осылай деген Премьер-министр жаңа Конституция күшіне енген тарихи кезеңде Үкімет алдында тұрған басты міндеттерді атады.
Олжас Бектенов министрлер кабинетінің жұмысы озық қарқынмен жүруі керек екенін баса айтты. Сан сала мен барлық бағыт бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажеттігін еске салды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет.
Тегтер #Бектенов #үкімет #міндеттер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz