RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық Құрылтай регламенті бекітілді

10.09.2026, 10:21 44

Елімізде жоғары өкілді органның қызметін түбегейлі жаңғыртатын Құрылтай Регламентінің жаңа жобасы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды«24KZ».

31 тарау мен 310 тармақтан тұратын ауқымды құжат депутаттардың ішкі тәртібін реттеп қана қоймай, заң шығару процесінің сапасын арттыруға және парламенттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Құжаттағы маңызды өзгерістер мен негізгі тетіктер төмендегідей:

Бастамалар міндетті түрде үш оқылымнан өтеді, ал халықаралық шарттар мен ратификациялар екі оқылымда қаралады. Бұл тәсіл заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарын жан-жақты сараптауға және құқықтық қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Құжатта оппозицияның құқықтық мәртебесі нақты рәсімдік кепілдіктермен бекітілді. Атап айтқанда, көпшілік құрамына кірмейтін саяси партиялар сессия барысында кемінде бір рет тыңдау өткізуге бастама жасауға және екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы. Сондай-ақ тұрақты комитеттер басшылығында оппозиция өкілдерінің болуы қарастырылған.

Депутаттық сауал институты күшейтіліп, Үкімет мүшелері мен әкімдердің сауалдарға бір ай ішінде жауап беру міндеті бекітілді.

Кезекті сессиялар қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өтеді. Отырыс заңды болуы үшін депутаттардың кемінде үштен екісі (97 адам) қатысуы тиіс. Өңірлерге шығып сайлаушылармен жұмыс істеу (әр сессияда кемінде екі рет) міндеттелді. Отырысқа дәлелсіз қатыспаған немесе әдеп бұзған халық қалаулыларына қатысты тиісті шаралар қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz