RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу ұсынылды

10.09.2026, 10:33 51

Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды«24KZ». 

Депутат елімізде балалардың цифрлық ортаға тым ерте әрі бақылаусыз тартылып жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

ЮНИСЕФ дерегі бойынша, Қазақстанда 9–10 жастағы балалардың 60%-ының, ал 11–12 жастағылардың 66%-ының жеке аккаунты бар. Жалпы балалардың 88%-ының жеке смартфоны болып, TikTok, YouTube және Instagram желілерін еркін қолданады. ДДСҰ мәліметі желіні проблемалық деңгейде пайдаланатын жасөспірімдер үлесінің 11%-ға жеткенін көрсетіп отыр.

Осы мәселені шешу үшін Жанарбек Әшімжанов Үкіметке төрт маңызды талап қойды:

  1. 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеудің нақты тетіктерін әзірлеу.

  2. Балалардың жеке және цифрлық деректерінің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

  3. Мектептерде цифрлық гигиена және медиасауат сабақтарын жүйелі түрде оқыту.

  4. Әлеуметтік желінің жасөспірімдердің денсаулығы мен оқу үлгеріміне әсерін зерттейтін ұлттық мониторинг жүйесін енгізу.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген бір айлық мерзім ішінде ресми жауап берілуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz