RU
Толық нұсқаға өту

Еуропамен ғарыш саласында ынтымақтастық кеңейеді

10.09.2026, 20:30 49

Қазақстан ғарыш және цифрлық салалардағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, жерсерігі өндірісін арттыруға ниетті.

Бұл туралы Парижде ғарыш индустриясының жетекші компаниялары өкілдерімен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі мәлімдеді. Жаслан Мәдиев Франция астанасына Халықаралық ғарыш саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен барды. Қазақстандық делегация Испания және Италия ірі компанияларының өкілдерімен кездесіп, жерді қашықтан зондтау спутниктерін дамыту, ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Конго президентінің өкілі Франсуаза Жолимен және Өзбекстан цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматовпен жүздесті. Тараптар Қазақстанмен ғарыш және цифрландыру салаларындағы байланысты кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Хосеп-Мария Ресасенс, Indra Group бас атқарушы директоры:

- Осы аптада Indra Group делегациясы Қазақстандағы ғарыш форумына қатысты. Біз елдің цифрландыру саласындағы жетістіктеріне, мүмкіндіктеріне ерекше тәнті болдық. Ал бүгін Парижде ғарыш саласынан бөлек, цифрландыру, көлік ағынын басқару бағыттарындағы ықтимал ынтымақтастықты талқыладық.

Саммитте технология алмасу мен ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру талқыланды. Қазақстан 2030 жылға дейін ғаламшарды қашықтан бақылайтын 9 жерсеріктен тұратын халықаралық жүйе құруды жоспарлап отыр. Оның құрамына еліміздің алты спутнигі, сондай-ақ Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның ғарыш аппараттары енеді.

Марино Франьито, Thales Alenia Space Компаниясының сату жөніндегі атқарушы аға вице-президенті:

- Қазақстан Премьер-министрінің орынбасарымен өте мазмұнды кездесу өткіздік. Біз бірқатар құзыретімізді Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Бұл елдің өндірістік әлеуетін дамытуға, ғарыш өнімдерін экспорттау мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ заманауи жерсеріктері мен басқа да ғарыш өнімдерін жасау саласындағы озық тәжірибені игеруге мүмкіндік береді деп сенемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz