RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президенті Сунг Кимді қабылдады

15.09.2026, 11:04 54

Кездесуде инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда жаңа ауқымды жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған алып корпорация Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Әрі өндірісті дамыту, автобөлшектерді көптеп шығару және экспорттық саладағы әлеуетін нығайтудың маңызына тоқталды. Бұл ретте Алматыдағы Hyundai мен Қостанайдағы Kia зауыттары ерекше рөл атқарады.

Мемлекет басшысы серіктестіктің тағы бір маңызды бағыты ретінде электромобиль өндірісі, оның қосалқы бөлшектері мен қуаттау инфрақұрылымын жасақтауға назар аударды.

Ал Сунг Ким Hyundai мен Kia жобаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол корпорацияның Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтуге және өндірісті локализациялауды арттыруға ниетті екенін растады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz