RU
Толық нұсқаға өту

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күніне орай Қазақстанда тұңғыш конгресс ұйымдастырылды

15.09.2026, 21:11 44

Елімізде 15 қыркүйек санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күні ретінде аталып өтеді. Бүгін осы жүйе мамандары алғаш рет кәсіби мерекеге орай арнайы конгресс ұйымдастырды. 

Оған қоса, биыл аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-қимыл жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым Масғұт Айқымбаевтың туғанына – 110 жыл. Сондай-ақ Қазақстандағы санитарлық – бактериологиялық зертханалардың қалыптасқанына 105 жыл толып отыр. Қазір салада ел бойынша 18 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олар ауызсу, тамақ өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаның жағдайын бақылайды. Осы арқылы түрлі аурулардың алдын алады. Конгреске қатысушылар зертханалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, эпидемиологиялық мониторингті жетілдіру, ғылыми ынтымақтастық пен кадрлық әлеует сияқты мәселелерді талқылады. 

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

- Дәрігерлер мен мейірбикелер сияқты, бұлар да көріне бермейді. Алайда бұлардың жұмысы аса маңызды. Қазақстан бойынша 200-ден астам зертханалық лаборатория жұмыс істеп жатыр. Олар түрлі сынамаларды тексеріп, бактериологиялық, вирусологиялық, гигиеналық және химиялық зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар тағамдарды да, қоршаған ортаны да тексеріп, осындай маңызды жұмыстар атқарып жатыр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz