RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Шетелдік генетикаға тәуелділік: Депутаттар құс шаруашылығын дамытудың жаңа жолын ұсынды

16.09.2026, 11:10 43

«Ауыл» партиясының депутаттары еліміздің құс шаруашылығын шетелдік генетикаға тәуелділіктен арылту және отандық селекциялық базаны қалыптастыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгінде сала мемлекет қолдауының арқасында ішкі нарықты ет және жұмыртқа өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғанымен, қажетті асыл тұқымды материал мен инкубациялық жұмыртқа шетелден толықтай сатып алынады. Мәселен, шет елдерден жыл сайын шамамен 178 миллиард теңгеге балапандар мен материалдар әкелінеді және бұл сома жыл санап өсіп келеді. Бұл жағдай елдің валюта бағамына, халықаралық логистика мен сыртқы жеткізушілерге тікелей тәуелді екенін көрсетеді.

Депутаттардың пікірінше, өз ғылымы мен селекциясына инвестиция құю арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ұсынылып отырған Ұлттық орталық импортқа тәуелділікті төмендетіп, валюта шығындарын қысқартуға, құс өнімділігін арттыруға және биологиялық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл бастама өз ғылыми мектебін қалыптастырып, заманауи мамандарды даярлауға және болашақта отандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға жол ашады.

Осыған байланысты фракция Үкіметтен орталық құру мәселесін қарастыруды, соңғы жылдардағы импорт пен ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржы көлемі туралы есеп беруді, сондай-ақ алдағы бес жылға арналған отандық селекциялық-генетикалық базаны қалыптастырудың нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді талап етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz