RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Депутаттар жүргізуші куәлігін алудағы 6 айлық кезек пен делдалдарды сынға алды

16.09.2026, 12:04 41

«Ақ жол» партиясының депутаттары арнайы ХҚКО-лардағы жүргізуші куәлігін алу рәсіміндегі кезек пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сынға алды. Халық қалаулылары бұл мәселені шешу үшін жеке сектордың мүмкіндіктерін пайдаланып, емтихан қабылдайтын орындарды көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жобасын іске асыру жөніндегі кеңесте «Адамдар емес, деректер жүгірсін» деп нақты тапсырғанымен, бүгінде жүргізуші куәлігін алу барысында бұл қағидаттың сақталмай отырғанын мойындау қажет. Азаматтар мен автомектептердің хабарлауынша, Арнайы ХҚКО-ларда емтиханды күту мерзімі кейде 6 айға дейін созылады, ал бос орындар лезде таусылып қалады. Жазылу тетігінің ашық еместігі және орындардың кімге қалай берілетіні белгісіз болуы салдарынан ақылы делдалдардың көбейгені жасырын емес, - деді депутат Мейраш Шынасилова. 

Осы түйткілдерді шешу жолдарын атап өткен фракция өкілдері кезектерді қысқарту мақсатында мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзартып, қызметкерлердің ауысымдық жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау санын арттыру үшін Ұлттық тестілеу орталығы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің базасын пайдалану қажеттігі айтылды. Бұған қоса, бірыңғай техникалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жеке автомектептер мен автодромдарды аккредиттеу арқылы емтихан қабылдауға тарту маңызды.

Депутаттар емтиханға жазылу мәселесін түбегейлі ретке келтіру қажеттігін жеткізіп, емтиханға жазылуды тек eGov және eGov Mobile арқылы ғана жүзеге асырып, кезектерді сатып алу-сатуға жол бермейтін ашық әрі қорғалған автоматты түрде бөлу тетігін іске қосу керек, - деп баса айтты.

Халық қалаулыларының пікірінше, емтихан қабылдау тәртібі, бағалау критерийлері мен бейнебақылау жүйесі барлық орындар үшін бірдей болған жағдайда ғана мемлекеттік инфрақұрылымға түсетін салмақ азайып, азаматтар үшін әділ жағдай жасалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz