RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады

16.09.2026, 13:30 56

Ол заң жобаларына қоғамдық және сараптамалық зерделеу жүргізбек. Құрамы 50 адамнан тұратын жұмыс тобының негізгі міндеті өңір-өңірлердегі жұртшылықты толғандырған сауалдарды шешуге тікелей атсалысу.

Сондай-ақ депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуі тиіс. Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер мен салалық тақырыптарды талқылауға қажетті мамандарды, шетелдік сарапшыларды тарту мәселесі де қарастырылып отыр. «Бұл Палатаның сараптамалық әлеуетін арттыра түседі», – деп түсіндірді Құрылтай депутаты Айдос Сарым. 

Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Бұл ретте тек талқылау өткізуге арналған тағы бір қосымша алаң құру туралы айтылып отырған жоқ. Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларына қоғамдық және сараптамалық зерделеу жүргізу болуы керек. Мұны заң жобасын әзірлеудің бастапқы кезеңінде, яғни «нөлдік оқылым» сатысында өткізу принципті түрде маңызды. Бұл кезеңде заң жобасының негізгі ережелерін нақты талқылап, қажет болған жағдайда оларды түзетуге және толықтыруға мүмкіндік болады. Бұл ең маңызды заңнамалық бастамалар бойынша балама ұстанымдарды, кәсіби бағалауларды, ықтимал ескертулер мен ұсыныстарды алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz