RU
Толық нұсқаға өту

Президент Жолдауы: Қазақстанның жаңа инвестициялық моделі қалыптасты

18.09.2026, 11:47 98

Үкімет инвестициялық модельді қайта құрып жатыр.

Соның негізінде шетелдік капиталды тартуға, отандық өндіріс, инфрақұрылым, технология және шикізаттық емес тауар экспортын дамытуға басымдық берілген. Биыл тамыз айына дейін жалпы сомасы 4,4 трлн теңге болатын 26 инвестициялық келісім жасалды. Бюджеттен тыс инвестиция көздерінің үлесі 86%-ға дейін өсті. Нақты секторды қаржыландыруға «Бәйтерек» холдингі арқылы 8 трлн теңге қарастырылып отыр. Межелі міндет Мемлекет басшысының  Жолдауы аясында іске асып жатыр.

Тимур Онжанов, «Бәйтерек» ҰИХ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Жыл басынан бері тұрғын үй бағытын қосқанда, жалпы қолдау көлемі 7,4 трлн теңгеге жетті. Оның 5,4 трлн теңгесі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. Бұл қаражаттың көмегімен кәсіпкерлер өз жобаларын іске асырып, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, өндірісін кеңейтіп жатыр. Сонымен қатар ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға да қолдау көрсетудеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz