Қазақстан Халық Кеңесі қоғам мен заң шығарушы билік арасындағы байланысты күшейтетін жаңа тетік
ретінде қалыптасып келеді. Ұлттық академиялық кітапханада өткен дөңгелек үстелде Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі талқыланды. Халық Кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі саланың өкілдері кіреді. Олар заң жобаларын талқылауға қатысып, өз ұсыныстарын білдіре алады. Ал Құрылтай жанындағы Қоғамдық палатаның құрамы бөлек. Оның жұмысына қоғам белсенділері мен сала мамандары тартылады.
Екі институттың жұмыс тәртібі әртүрлі болғанымен, негізгі мақсаты ортақ. Яғни азаматтардың пікірін мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне жеткізу.
Марат Бәшімов, ҚР Құрылтай депутаты:
- Қазақстан халық кеңесінің өзінің орнын алып отыр. Сонда принциптер, маңызды принциптер бар, мысалы, айырмашылығы депутаттың ғана, ол бір ғана арнайы депутат дауыс бере алады. Қазір заң бойынша мына Қазақстан халық кеңесі міне қазір өкілеттілігі болады ғой, оның соның ішіндегі нелер – оларда құқықтар бар бүкіл отырыстарға қатысқанға. Мысалы, жұмыс тобы бар заң жобаларымен, олар келіп өзінің пікірлерін айта алады, олар өздерінің неге... ұсыныстарын айта алады, иә? Бірақ депутат ақыры көріп тұрып, соның бәрін қарап, өзінің ғана дауыстарын бергенде сондай не келеді, ол конституция бойынша. Бірақ өздері өз өздерінің пікірлерін жеткізгенде, мына заң, заң шығарушы... енді біз айтып жатырмыз ғой, заң шығарушы орган ғой, иә, соған көмектескенге, одан кейін қойып өздерінің заң жобаларын түзуге құқығы бар.
Тегтер #Қазақстан Халық Кеңесі #мәртебе #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz