RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай депутаты ірі бизнесті анықтау талаптарын қайта қарауды ұсынды

23.09.2026, 17:05 55

Елімізде ірі кәсіпкерлік субъектілерін анықтау тәртібі қайта қаралу керек. Бүгін құрылтай депутаты Дәурен Ахметжаев осындай ұсыныс айтты.

Ұлттық экономика министріне жолдаған депутаттық сауалында жұмысшылар саны бизнестің нақты экономикалық ауқымын көрсете бермейтінін алға тартты. Халық қалаулысының сөзінше, кәсіпорында 250-ден астам адам жұмыс істесе, оның кірісі мен активтері ірі бизнес деңгейіне жетпесе де, ол ірі бизнеске жатқызылуы мүмкін. «Алайда біз мұндай тәсілді негізсіз деп санаймыз», - дейді ол. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ашу бизнеске қосымша талаптар қоюға негіз болмауы тиістігін алға тартты. 

Дәурен Ахметжаев, ҚР Құрылтай депутаты:

- Мысалы, еңбекті көп қажет ететін салаларда қызметкерлер саны көп болғанымен, кәсіпорынның кірісі мен активтері салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкін. Ал капиталды көп қажет ететін өндірістерде жұмысшылар саны аз болғанымен, өндіріс көлемі мен бюджетке түсетін салық мөлшері жоғары болуы ықтимал. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ашу бизнеске қосымша талаптарды қоюға негіз болмауы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz