RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Тіл жанашырлары жоғары құрметке лайық

24.09.2026, 13:10 59

Тіл жанашырлары да «Ел бірлігі» орденімен марапатталуы мүмкін.

Мемлекет басшысы «ұлт тұтастығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек еткен жандарға берілетін бәсі биік, айрықша марапатқа үміткерлерді Қазақстан Халық Кеңесі ұсынатынын айтты. Президент түрлі ұлт жастарының қазақ тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттап жүргеніне ризашылық білдірді. «Достыққа дәнекер болған осындай адамдар қашанда жоғары құрмет пен қолдауға лайық», - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор мемлекеттік тіл екенін тағы да қайталады. Ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушылардың әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құятынын сынады. "Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіру. Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керек", - деді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz