Қазақстан Халық Кеңесінің 17 мүшесі Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге қаржылай көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңіріндегі бизнес өкілдері қосылды. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.
Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Мүтәліп қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды. Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, барлық қажетті көмек ұйымдастырылғанын атап өтті.
Тегтер #халық кеңесі #әскери қызметшілер #Каспийдегі қайғылы оқиға #көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz