Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.
Тегтер #24KZ #Каспийдегі қайғылы оқиға #Қасым–Жомарт Тоқаев #көңіл айту #жеделхат #Өзбекстан #Қырғызстан #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz