RU
Толық нұсқаға өту

Президент YTO Express атқарушы директорын және Pinduoduo компаниясының өкілін қабылдады

25.09.2026, 16:50 40

Әңгімелесу барысында логистика және электронды коммерция саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру аясында өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүмкіндік мол екені атап өтілді.

Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жалпы саудадағы электронды коммерцияның үлесін 20 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Мемлекет басшысы бұл ретте қытайлық серіктестермен бірлесе аталған міндетті мерзімінен бұрын орындауға болады деп санайды.

Кездесуде Almaty SkyHub көлік-логистика хабын құру жобасына айрықша мән берілді. Мақсат – Еуропалық одақ, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне шығатын тауарларды жедел рәсімдеу. Осы бастама Қазақстанның оңтүстік өңірінде көлік-логистика саласының дамуына тың серпін бермек. 

Мемлекет басшысы интеллектуалды IT-шешімдерді кеңінен қолданатын әрі логистика үдерісін автоматтандырған Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады. Бүгінге дейін YTO Express пен «Қазпошта» құрған кәсіпорын 12,5 миллион сәлемдеме жөнелткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz