Қазақстан германиялық серіктестерге тек шикізат жеткізуге кепілдік беріп қоймай, геологиялық барлау мен кен өндіруден бастап, оны өңдеу, компоненттер шығару және материалдарды қайта кәдеге жарату кезеңдерін түгел қамтитын толық өндіріс тізбегін қалыптастыруды ұсынады. Екі ел арасындағы байланыстардың тағы бір маңызды бағыты – энергетика.
Қазақстан Еуропаға тұрақты түрде энергия ресурстарын жеткізуші мемлекет ретінде сенімге ие болды. Еуропа Одағына импортталатын мұнайдың шамамен 13 пайызын, табиғи уранның 20 пайызын қазір Қазақстан қамтамасыз етеді. Былтыр Германияға жеткізілген мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты. Енді республикамыз көлік тасымалы мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл міндетті одан әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екенін білдіріп отыр.
Тегтер #Германия #өнеркәсіп #энергетикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz