RU
Толық нұсқаға өту

Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы

29.09.2026, 23:20 32

Мемлекет басшысы Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ARD телеарнасының журналисті қойған Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысты ұстанымы туралы сұраққа жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен Президент Путинге бұл мәселе бойынша өзімнің жеке ұстанымымды үлкен түсіністікпен қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін, өйткені бәріміз, мемлекет басшылары, соның ішінде Ресей Президенті де, Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуды қолдаймыз. Менің Президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Мен оны көрнекті мемлекеттік қайраткер деп санаймын. Бүгін мен жеткілікті дәрежеде сеніммен Президент Путиннің мемлекеттік қайраткер, Ресей басшысы ретінде – бұл сіздерге біртүрлі естілуі мүмкін – Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан үшін де, Еуропа және бүкіл әлем үшін де ең қолайлы саяси тұлға екенін айттым. Мен оны өте жақсы білемін, ол тарихы күрделі, өзінің стратегиялық мақсаттары туралы өзіндік түсінігі бар ірі мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттердің бәріне ие. Әрине, Украинада болып жатқан жағдайға бәріміз алаңдаймыз.

Біз әуел бастан украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне және, әрине, украин тіліне үлкен құрметпен қарайтынымызды айтып келдік.

Мен мұның қазіргі жағдайда, бәлкім, шынайы мүмкін емес екенін түсінемін. Мен Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарды «қатыру» туралы айтып отырмын. Осы арқылы дипломатиялық немесе қандай да бір келіссөздер процесіне көшуге болады. Біздің ұстанымымыз – осы. Ресейге қатысты Қазақстан мен Ресей арасында ұзындығы 7597 шақырымды құрайтын ортақ шекара бар екенін ұмытпауымыз керек. Бұл – әлемдегі ең ұзын шекара. Бұл осы елмен достық қарым-қатынастарды дамытуға әсер ететін фактор емес пе? Қазақстан аумағында еліміздің 2,7 миллион ресейлік этнос өкілі тұрады. Біздің елде православ шіркеуі де айтарлықтай деңгейде ұсынылған және біз оған үлкен құрметпен қараймыз. Сондықтан осының бәрін ескеру қажет. Бірден кесіп шешім қабылдауға болмайды.

Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Онсыз біз ешқашан табысты мемлекет бола алмаймыз. Қазір біз даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеміз. Мұны көрсеткіштер де жеткілікті түрде дәлелдейді. Сондықтан Президент ретінде елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл ретте Қазақстанмен көршілес аумақта бейбітшілікке қол жеткізуге және соғысты тоқтатуға қолдан келгенше үлес қосамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz