Құрылтай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».
Мәжілісте өтіп жатқан отырыста бұл заң жобасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов таныстырды.
Келісімге 2024 жылы 29 қазанда Доха қаласында екі елдің Ішкі істер министрлері қол қойған. Келісімнің мақсаты – мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл ұйымдастыру және құқықтық негіз қалыптастыру. Бұл ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, сондай-ақ заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы бірлесіп күресуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында біз жедел ақпаратпен алмасамыз және озық тәжірибемен бөлісеміз, – деді ол.
Доха қаласында 2024 жылғы 29 қазанда жасалған құжат ұйымдасқан қылмыс, террористік және экстремистік әрекеттер, есірткі заттарының заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді шешуді көздейді.
Мысалы, егер сұрау салуды орындау мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне зиян келтіруі мүмкін деп саналса немесе ішкі заңнамаға қайшы келсе тараптардың құқықтық көмек көрсетуден бас тарту мүмкіндігі көзделген. Бүгінде Қазақстан әлемнің 23 мемлекетімен осындай келісімдер жасаған. Олардың қатарында Франция, Италия, Қытай, Түркия, БАӘ және басқа да елдер бар. Бұл келісімді ратификациялау Қатар мемлекетімен де жұмысты жолға қоюға және халықаралық талаптарды ескере отырып, тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрінің орынбасары.
Ынтымақтастық екі мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салулары негізінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, тараптар қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасып, іздеудегі адамдар туралы деректерді өзара салыстырып тексере алады. Сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, заманауи технологиялармен алмасу және киберқылмыс пен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру қарастырылған.
Тегтер #құрылтай #Катар #Санжар Әділов #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz